1 мин.

«Астана» футбол клубының негізгі құрамы марапатталды

Ойыншылар күміс жүлдеге ие болды.

Нұр-Сұлтан қаласында «Астана» футбол клубының негізгі құрамын күміс жүлдемен марапаттау рәсімі өтті. 

Футболшыларды марапаттау кешіне «Астана» футбол клубының бас директоры Тастанбек Құтжанұлы және Қазақстан кәсіби футбол лигасының спорт директоры Павел Демян қатысты. Клубтың негізгі құрам жігіттері мен бапкерлер штабы Қазақстан Чемпионатының күміс жүлдесін мойнына тақты. Бұрынғы басшылықтың еңбегі ескеріліп, аталған марапатқа ие болды.

Клуб басшылығы бәріне алғыс айтып, жаңа маусымда жеңіс тіледі. Одан бөлек, 2003-2004 жылғы жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында алтын медаль тағып, жасөспірімдер арасындағы Чемпиондар лигасына жолдама алған клуб тәрбиеленушілері де марапатталды. Футболшыларымызды үнемі қолдап, ынталандырып жүретін «12 Ойыншы» және «Old Boys» фан-клубынан жанкүйерлер де кеш қонағы болды.