2 мин.

Бақтиёр Зайнутдинов: «Егер QJ League ертерек пайда болса, бізде таланттар көбейер еді»

QJ League амбассадоры Бақтиёр Зайнутдинов жобадан алған әсерлерімен бөлісіп жас футболшыларға қошемет көрсетті

– Бақтиёр, сіз QJ League амбассадорларының бірісіз, жоба туралы алғаш қайдан білдіңіз, матчтарды бақылайсыз ба?

– Ашылу матчын көрдім, өте қызықты өтті, БАҚ қолдауы жоғары деңгейде болды. Біз Еуропаға жақындау үшін осыған ұмтылуымыз керек. Рохус Рохусович Шох маған жоба іске қоспас бұрын ол туралы айтып берді, мен әрқашан дамуды қолдаймын, бірден қызығушылық таныттым. Мен мұндай жобаны қолдайтынымды бірден айттым!

– Ашылу матчын еске алдыңыз, оған 18 мыңға жуық көрермен келді, бұл жігіттерге қаншалықты мотивация береді?

– Менің ойымша, бұл олар үшін үлкен мүмкіндік, қалай болғанда да оларды скауттар, негізгі командалардың жаттықтырушылары бақылайды, бәрі олардың қолында.

– Қазір 15-16 жастағы жігіттер апталық циклде, тікелей көрсетілімдермен, аналитикамен кәсіби футболшылар сияқты ойнауы қаншалықты маңызды?

– Мен олардың осыған келгеніне қуаныштымын, өйткені Еуропада олар бұрыннан бері осыған бет бұрып келеді. Жігіттер өседі деп ойлаймын. Бізде таланттар көп екеніне сенімдімін, QJ League оларға жасөспірімдер футболынан ересектер футболына өтуді жеңілдетеді. Ең бастысы, жұлдыз ауыруы ұстап қалмасын.

– Жұлдыз ауыруын ұстап алмау үшін не істеу керек? Бахтиёр Зайнутдиновтың кеңесі.

– Менің ойымша, ең алдымен, оларға бағыт беретін ағалар болуы керек. Демек, бізде Қазақстанда жұлдыз ауыруын ұстап алу қиын сияқты, біздің менталитетімізбен.

– Қорытындылай келе, жігіттерге бірер сөз.

– Біріншіден, жұмыс істендер, сендерде күшті мүмкіндік бар, бізде ондай мүмкіндік болған жоқ. Барлық жағдай бар, жұмыстеу, жаттығу, ойнау керек тек. Рохус Рохусович пен Тимур Турлов керемет жұмыс жасады, егер біздің кезімізде осындай чемпионат болса, бізде таланттар көбірек болуы мүмкін еді. Сондықтан олар жігіттерге осындай мүмкіндік бергені үшін үлкен алғыс айтқым келеді.