3 мин.

БҮГІН

БҮГІН Freedom QJ League командасының киім-жабдықтарын ұсынады

Жобаны QJL, «Ничего Обычного» шығармашылық бірлестігі және Copa KZ бірлесіп әзірледі.

QJ League командасы – бұл лигадағы ең мықты ойыншылардан құралған команда. 29 шілде күні жігіттер MLS, NBA, NHL және КХЛ жетекші әлемдік чемпионаттарынан үлгі ала отырып, Қазақстанда алғаш рет өтетін көрме матчын өткізеді. Лиганың барлық клубтарынан 25 ойыншыдан тұратын QJ League құрамасын спорттық-аналитикалық бөлімі команданың жаттықтырушылар штабымен бірлесіп анықтады.

Арнайы құрама үшін ойын және жаттығу формалары мен киімдердің капсулдық топтамасы әзірленді. Киім тұжырымдамасы бойынша QJ League «Ничего Обычного» шығармашылық бірлестігі және Copa KZ-мен бірге жұмыс істеді.

Форма мен киім-жабдықтың дизайны үш элементке негізделген: лиганың түстері, қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі БҮГІН және FREEDOM сөздері.

QJL – бұл БҮГІН, СЕГОДНЯ, TODAY туралы хикая

БҮГІН деген сөзбен өмір сүретін, осы сөзді бойына сіңірген футболшы шынымен де ЕРТЕҢІНЕ қарай жол басады. Негізгі формада БҮГІН футболкалардың жеңдеріне, жаттығу формасына және жабдықтарға – кеудеге салынған.

Дизайнның үшінші құраушы элементі болып табылатын FREEDOM сөзі – бұл барлық өнімдерге тігілген FREEDOM. Футболкалар мен худиде FREEDOM жең ішінде немесе күлапара астында арнайы жасырылған – ол әрқашан иесімен бірге болады және белгілі бір әрекетті орындау арқылы кейіпкер оны басқаларға көрсету арқылы осы еркіндік дәрежесін арттыра алады.

QJ League ойыншылардың БҮГІН іштей еркіндік сезімімен және шынайы эмоцияларды көрсететін өз түстерімен қозғалғанын қалайды. Бұл орындалса, жігіттер армандаған ЕРТЕҢ міндетті түрде келеді.

Freedom QJ League президенті Рохус Шох: «Бұл кезеңдегі мақсатымыз – QJ League командасының бірінші матчының қонақтары мен скауттарына БҮГІН Қазақстанның әр бұрышында болашағы зор жастар бар екенін көрсету. Алдағы уақытта бүкіл елімізді қамтып, әр облыс футболымыздың болашағына өз үлесін қосса дейміз.

Форма біздің көзқарасымызды толығымен көрсетеді: БҮГІН жігіттер өздерін бүкіл әлемге көрсетуге мүмкіндіктері бар. Жігіттер чемпионаттың әрбір матчында соңғы минуттарға дейін шынайы және жарқын эмоциялармен ойнайды, оларды біздің көрермендерге таратады. Сондықтан форма лиганың ашық түстерінде жасалған – бұл лиганың барлық футбол жанкүйерлеріне тарататын БОСТАНДЫҚ эмоциялары мен сезімдерінің көрінісі».

Еркін болу және дәл қазір әрекет жаса білу тек футбол алаңында ғана маңызды емес. БҮГІН өз шынайылықтарымен жұмыс істеп, сезімдерімен бөлісетіндер – QJ League-пен ниеттес адамдар. Сондықтан спортпен тікелей байланысы жоқ, бірақ жаңа Қазақстанда өмір сүріп жатқан БҮГІНГЕ белсене араласып жүрген жас азаматтарға ойыншылармен бірге команданың формасы мен мерч-жабдықтарын таныстыруды ұсынылды.

Фото және видео түсірілімге QJ League құрамасының ойыншысы Аян Байдавлетов, «Ақтөбе» ФК және Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы Арман Кеңесов, кино және «АРТиШОК» театрының актері Шыңғыс Капин, faenomen дизайн студиясының негізін қалаушы және креативті директоры Наргиз Магаева, VR-суретші Арлан Ақылбай, тәуелсіз журналист Диана Жұмағұлова-Матвеева қатысты.

Даниил Чалов, «Ничего Обычного» компаниясының негізін қалаушы және креативті директоры: «Қазір QJ League ұйымдастыратын адамдар жас ойыншыларға сезімдерін білдіруге және армандарын жүзеге асыруға көмектеседі. Осы жобаның арқасында футбол спортшыларды ғана емес, жалпы өзінің БҮГІНГІ күнін ойлайтын адамдарды біріктіретін алаңға айналады. Мен. Эмоциялар мен әрекеттердің тілі – футбол сияқты – әмбебап, оны әлемнің кез келген жерінде түсінуге болады. QJ League - Жер планетасының ойыншылары.

Жасалған киім жинағында «Ничего Обычного» БҮГІН мен БОСТАНДЫҚ әрқашан бірге болуы керек екенін атап көрсетеді. Дәл осы комбинация бізге ЕРТЕҢ өзіміз қалағандай жасауға көмектеседі».

|Бүгін ертеңді жасайды|

#ШЫНАЙЫ жаса

#ЕРКІН жаса

#БҮГІН жаса