1 мин.

Қазақстандық қорғаушы еуропалық клубпен келісімшартқа отырды

18 жастағы қазақстандық қорғаушы Микаэль Аскаров түркиялық «Адана Демирспор» (U-19) клубына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Келісімшарт туралы толық мәлімет жарияланған жоқ.

Аскаров бұған дейін «Фенербахченің» 16, 17 және 19 жасқа дейінгі командаларында ойнады.

Айта кетейік, биыл 24 наурызында футболшы Қазақстан (U-21) жастар құрамасының сапында дебют жасаған болатын.