1 мин.

Қазақстан жастар құрамасы Шотландиядан жеңіліп қалды

Келесі ойында да Шотландиямен кездесеміз, есе қайтаруға болады.

Қазақстан жастар құрамасы 2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде сырт алаңда Шотландия U-21 құрамасынан 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Алаң иелері сапында Льюис Фиорини (28) мен Гленн Миддлтон (56) көзге түсті. Ал Қазақстан құрамасының жалғыз голын 71-минутта Максим Самородов соқты.

Қазақстан U-21: Данил Устименко (қ) – Арман Кеңесов (Егор Ткаченко 75), Александр Широбоков, Әділбек Жұмаханов, Жалғас Жақсылықов, Лев Скворцов – Нұрберген Нұрбол (Максим Самородов 46), Эльхан Астанов, Дінмұхамед Қараман (Арсен Буранчиев 63), Еркебұлан Сейдахмет (к) – Абылайхан Жұмабек (Мирас Тұрлыбек 79);

Бес ойын өткізген Қайрат Нұрдәулетов шәкірттері бірде-бір ұпай жинай алмай I тобын түйіндеп тұр. Үш ойында төрт ұпай жинаған Шотландия жастары үшінші орынға жайғасты.

Қазақстан құрамасы келесі ойынын дәл осы Шотландияға қарсы өткізеді. Аталмыш матч 29 наурызға жоспарланған.