1 мин.

Ненад Адамович: «Футболда ақша басты рөл атқармайды»

«Тараздың» сербиялық шабуылшысы Қазақстан кубогінің ширек финалында «Шахтерге» қарсы өткен ойын туралы пікір білдірді.

– Ненад, «Шахтерге» қарсы ойынға негізгі құрамның 6 ойыншысы әртүрлі себептермен қатыспады. Бұл алаңда сезілді ме?

– Менің ойымша, бізге қарағанда командаластарымызға ойынды теледидардан көру моральдық тұрғыдан қиынырақ болған сияқты.

– Келесі кезеңге өту үшін не жетпей қалды?

– Ойынның қауіпті сәті екінші таймда болды деп есептеймін, сол кезде Әлішер Сүлей маған пас беруі мүмкін еді, бірақ оған мүмкіндік бермеді, ал төреші пенальти тағайындамады. Осыдан кейін қарсылас бірден бізді жазалады.

– Команданың ойыншылар алдындағы қарыздары бооғанына қарамастан, сіздер әрқашан алаңда белсенді өнер көрсеттіңіздер...

– Біріншіден, біз кәсіби спортшылармыз. Менің ойымша, футболда да, өмірде де ақша негізгі рөл атқармайды. Әрине, ақшасыз өмір сүру оңай емес, бірақ мен үшін бұл бірінші орында тұрмайды. Бұл жай ғана алаңға шығып, сүйікті ойыныңызды ойнауға, жеңіс үшін бар күшіңізді салуға берілген мүмкіндік. Бұл сіздің денсаулығыңыз, ата-анаңыздың, балаларыңыздың және сізге жақын адамдарыңыздың денсаулығы. Сондықтан ақша тақырыбына оралудың қажеті жоқ.