1 мин.

«Қайрат» (Мәскеу) жолдастық кездесуде жеңіске жетті

Мәскеулік «Қайрат» ҰФЛ-2 чемпионатындағы «Красаваға» қарсы матч алдында «Химки М» командасымен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ойын «Новые Химки» стадионында өтіп, қайраттықтар пайдасына 3:0 есебімен аяқталды. Гол соққандар: Ален Айманов, Дархан Меделхан, Айбар Абудлла.

«Қайрат-Мәскеу» – «Красава» матчы 31 қазанда өтеді.