1 мин.

«Қызылжар» жартылай қорғаушымен қоштасты

«Қызылжар» жартылай қорғаушы Максим Драченкомен қоштасқанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Біздің клубтан черкасстік Максим «Макгрегор» Драченко кетті.

«Макси, біздің сарбаз ретінде 3,5 жыл бойы көрсеткен кәсібилігіңіз, жанқиярлығыңыз және ерлік істеріңіз үшін рахмет», – делінген клуб мәлімдемесінде.

Драченко осы маусымда 19 матч өткізіп, 2 гол соқты.