1 мин.

Қарызы үлкен. Тағы бір команда ҚПЛ-ден шығып қалуы мүмкін

«Ордабасы» футбол клубы Қазақстан чемпионатынан шығып қалуы мүмкін. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлады.

«Ордабасы» чемпионаттан шығып қалуы туралы айтылып жатыр. Клубтың қаржылық қиындықтары еш шешілер емес, шымкенттіктердің қарызы орасан, футболшылар ғана емес, мемлекет алдында да (cалық және тағы басқа). Келесі жылғы бюджетті де әкімдік өсірмейді, 1,3 миллиард теңге. 

Әзірге бұл мәселе теория жүзінде, бірақ, талқылануда. Футболшылар ақысын күтуден шаршады, сәуірден бері жүр. Енді жыл соңында қарызды жаба бастамаса, ойыншылар жаппай ҚФФ мен ФИФА ұйымдарына шағымдануы мүмкін. Ал мұның салдары трансферлік банға әкеледі», – дейді мәлімет көзі. 

Еске салайық, былтыр қаржылай қиындықтар салдарынан павлодарлық «Ертіс» чемпионатты аяқтай алмады. ҚПЛ-2021 маусымын «Ордабасы» бесінші орында аяқтады.