1 мин.

Бердыевтың «Қайратта» қанша айлық алатыны анықталды

Қазақстанда ең көп жалақы алатын бапкер ме?

Курбан Бердыев алматылық «Қайрат» сапында жылына 600 мың доллар жалақы алады. Бұл туралы Metaratings.ru порталы хабарлайды.

Осылайша Бердыев Қазақстан чемпионатында ең көп жалақы алатын бапкерлердің көшін бастап тұр. 

Еске салайық, Бердыев «Қайрат» командасының тізгінін тамызда ұстап, Қазақстан чемпионатында үшінші орын алды. Сонымен қатар алматылық ұжым ресейлік маманның қол астында Қазақстан кубогінің финалына шығып, Конференция лигасында өнер көрсетуде.