1 мин.

Екі автогол салған Қазақстан жастар құрамасы Португалиядан ойсырай ұтылды

Футболдан Қазақстанның жастар құрамасы (U-17) Еуропа чемпионаты іріктеуіндегі матчте Португалиядан ойсырай ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Командалар 11-топ ойындарының аясында кездесті. Португалияда өткен матч 5:0 есебімен аяқталды.

Бірінші таймда қазақстандық команда өзіне екі бірдей автогол кіргізіп алды – үшінші және 40-минутта. Дубль авторы Бахтишат Абдуллаев.

Қазақстандық команда келесі ойынын 13 қараша Украинаға қарсы өткізеді.