1 мин.

«Қайрат» футзал клубы «Пезароны» жеңіп, Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіне жолдама алды

«Қайрат» бұл ойын алдында ең соңғы орында тұрған еді, бірақ келесі кезеңге бірінші орынмен шықты.

Алматылық «Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі соңғы ойында италиялық «Пезароны» 3:2 есебімен жеңді.

Қазақстандық команда 6-минутта гол жіберіп алғанымен, 18-минутта Дәурен Тұрсағұлов есепті теңестірді, ал 28-минутта дубль жасады. Италиялықтар 35-минутта таразы басын қайтадан тең қылған еді, бірнеше секундтан кейін Диего Фаверо жеңіс голын соқты.

Осылайша, «Қайрат» Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіне жолдама алды. Осы кездесуге дейін топта соңғы орында тұрған алматылық клуб келесі кезеңге бірінші орынмен шықты.