1 мин.

Игита: «Біз Бразилиямен бір деңгейде ойнадық»

Дәл осы деңгеймен Еуропа чемпионатында топ жаруға болады.

Футзалдан Қазақстан құрамасының капитаны және қақпашысы Игита 2021 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін Бразилиямен болған ойынға (2:4) қатысты пікір білдірді.

- Кім жеңді, матчты көрген жанкүйерлер мен ойынға келген көрермендер жеңіске жетті. Біз бүгін алаңға шығып, жақсы ойнадық. Біз Бразилиямен бір деңгейде ойнадық, тіпті одан да жақсы ойнадық деп айтуға болады. Қазақстан осы деңгейде ойнауын жалғастырады. Бізге осы энергияны өз үйінен берген және осында келіп, қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғыс айтамыз. Әйелім мен қызыма және біз үшін алаңдап, қолдау көрсеткен отбасыма, Бразилиядағы достарыма сәлем жолдаймын. Үлкен рахмет!

Дереккөз