1 мин.

Байсұфинов қазан айындағы матчтарға арналған Қазақстан құрамасының ақырғы тізімін жариялады

Қазақстан құрамасы 2022 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу ойындары аясында Нұр-Сұлтанда екі ойын өткізеді. 9 қазанда «Астана Аренада» Босния және Герцеговина құрамасымен кездесу өтеді.

Ал 12 қазанда фин футболшыларымен ойын өтеді. Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсұфинов осы екі кездесуге алаңға шығатын ойыншылардың тізімін жариялады.

Қазақстан құрамасының құрамы:

Қақпашылар: Стас Покатилов, Игорь Шацкий, Мұхамеджан Сейсен;

Қорғаушылар: Александр Марочкин, Сергей Малый, Юрий Логвиненко, Темірлан Ерланов, Нұралы Әліп, Ян Вороговский, Әлібек Қасым, Сағадат Тұрсынбай, Абзал Бейсебеков, Марат Быстров, Еркін Тапалов, Мақсат Тәйкенов, Дмитрий Шомко;

Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат, Георгий Жуков, Владислав Васильев, Самат Жарынбетов, Рамазан Оразов, Бақтиер Зайнутдинов, Сұлтанбек Астанов;

Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев, Айбар Жақсылықов, Алексей Щеткин, Роман Мұртазаев.