Футзалдан Қазақстан құрамасының қақпашысы Атантаев Литвада өткен ӘЧ-дағы жетістік үшін жарты миллион жүлде алды
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының екінші қақпашысы Рауан Атантаев Литвада өткен әлем чемпионатындағы команда жетістігі үшін клубтан жарты миллион жүлде алды.
Әлем чемпионаты басталар алдында «Атырау» Рауан Атантаевтың клубтан кететінін хабарлады. Ол әлем чемпионатынан кейін жаңа клуб — «Нұр-Сұлтанға» қосылды.
Оның ұлттық құрамадағы алғашқы дебюті Тайландпен болған матчта (7: 0) орын алды. Ол сонымен қатар Португалияға қарсы пенальтиден болған шешуші соққыны қайтаруға шыққан еді. Елге келген соң клуб басшылығы команданың жаңадан келген ойыншысына 500 мың теңге көлемінде сыйақы беру туралы шешім қабылдады.