«Зенит-2» бапкері Радимов мәскеулік «Қайраттан» ойсырай жеңілгені жайлы: «Қайрат» маған өте ұнады, бапкері де солай»
«Зенит-2» бас бапкері Владислав Радимов ФНЛ-2 15-туры аясындағы «Кайрат-Москва» командасына қарсы өткен матч (0:3) туралы пікірін айтты.
– Менің мансабымда бұл бірінші рет болып тұрған шығар – бұрыштамадан гол соққанын айтам, кейін екі мәрте өз-өзімізге салып отырмыз. Ойынға қатысты айтсақ, алаң иелерін жеңіспен құттықтаймын. Бірақ, біз де тырыстық. Есеп алаңда болған нәрсеге сай келеді.
– Сырт алаңда ойнау қаншалықты әсер етті?
– Әсер еткен жоқ деуге болады. Әрине, табиғи алаңда ойнағанға не жетсін. Бұл осы матчтың жалғыз ғана кемшілігі.
– Сіз ресейлік футбол мен «Зенит» үшін үлкен адамсыз. Өткен қос матч бойынша «Қайрат» сапынан әлдекім сіздің көзіңізге ілікті ме?
– Мұны орынсыз болады деп ойлаймын, себебі олардың командасы жақсы матч өткізді. Қақпашының халін сұрау керек. Әйткенмен жас балалар өз мансабының тек басында ғана, ал жарақаттар – өте сұмдық дүние. Командаға келсек, «Қайрат» маған өте ұнады, бапкері де солай. Оларға қарсы ойнау қиын, жақсы қыспаққа алады. Біз үшін бұл сабақ.
«Қайрат-Мәскеу» ФК