Реклама 18+

Жұмасқалиев жастар құрамасының бапкері болып тағайындалды

Қазақстан U-21 жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Қайрат Нұрдәулетов Нұр-Сұлтанда өтетін 2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында болатын Дания командасына қарсы ойынына шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады.

ҚФФ хабарлауы бойынша, оқу-жаттығу жиыны 28 тамызда Нұр-Сұлтанда басталады. Шақырылған футболшылардың саны – 25.

Қақпашылар: Данил Устименко («Қайрат»), Вадим Петров («Қызыл-Жар СК»), Қажымұқан Төлепберген («Мақтаарал»);

Қорғаушылар: Дінмұхамед Қашкен, Әлішер Әжімов (екеуі де – «Ақтөбе»), Александр Широбоков («Қайрат»), Әділбек Жұмаханов («Атырау»), Лев Скворцов, Сағи Совет (екеуі де – «Астана»), Жалғас Жақсылықов («Тараз»), Тайыр Нұрсейітов («Шахтер»), Нұралы Мамырбаев («Қыран»), Нұрберген Нұрбол («Жетісу»);

Жартылай қорғаушылар: Сұлтан Сағынаев («Астана»), Андрей Ульшин, Данияр Үсенов, Арсен Буранчиев (барлығы – «Қайрат»), Эльхан Астанов («Ордабасы»), Арман Кеңесов («Қайсар»), Дінмұхамед Қараман («Тараз»), Максим Самородов («Ақтөбе»);

Шабуылшылар: Вячеслав Швырев («Қайрат-Мәскеу»), Матвей Герасимов («Ислочь», Беларусь), Абылайхан Жұмабек («Тараз»), Владислав Прокопенко («Астана»).

Қосалқы құрамда келесідей ойыншылар орын алды:

Владислав Саенко («Қызыл-Жар СК»), Александр Довгаль («Оқжетпес»), Жасұлан Қайыркенов («Атырау»), Жасұлан Жұмашев («Тобыл»), Еркебұлан Сейдахмет, Равиль Ибрагимов (екеуі де – «Қайрат»), Мирас Тұрлыбек («Ақсу»), Мейрамбек Қалмырза («Астана»), Иван Свиридов («Шахтер»).

Жаттықтырушылар штабы: Қайрат Нұрдәулетов – аға жаттықтырушы, Асқар Ыдырысов – аға жаттықтырушының көмекшісі, Нұрбол Жұмасқалиев – аға жаттықтырушының көмекшісі, Юрий Новиков – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ахматхон Искандаров – дәрігер, Қайратәли Күнходжаев – массажист, Ақмұрат Ақшабаев – массажист, Дінмұхамед Оралов – менеджер, Павел Лаптев – бейнеоператор;

Еске сала кетейік, 7 қыркүйекте Қазақстан жастар құрамасы Дания командасымен кездеседі. Ойын Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Басталуы – елорда уақытымен сағат 20:00-де.

ҚФФ

+12
Написать комментарий

Новости

Реклама 18+