1 мин.

«Астана» негізгі құрамның алты бірдей ойыншысымен қош айтысады

«Астана» командасы негізгі құрамның алты бірдей ойыншысымен қош айтысады. Бұл туралы KazFootball.kz сайты хабарлады.

Командадан кететіндер тізімінде Педро Эуженио, Валерий Чуперка, Энео Битри, Лука Шимунович және Энрике Лопес бар. Сондай-ақ келісімшарты аяқталған қақпашы Дмитрий Непогодов мансабын басқа клубта жалғастырады.

Бұған дейін «Астана» сапынан кеткен Тигран Барсегян Словакияның «Слованына» ауысса, Антонио Рукавина мансабын аяқтады.