7 мин.

Астанада Freedom QJ League салтанатты түрде іске қосылды

Рекордтық көрермендер саны, шоу-матч және V $ X V PRiNCE концерті

Сәуір айында Қазақстандағы басты футбол оқиғасы жаңа жас-өспірімдер футбол лигасының – Freedom QJ League-тың іске қосылуы болды. Турнир тарихындағы алғашқы ойын Астанада өтті – елордалықтар «Ордабасымен» кездесті.

«Астана» алаңның қожайыны болғанына қарамастан, іс-шараның бүкіл ұйымдастырылуын Лига өз мойнына алды және күннің бағдарламасы қанық болды. Бұл жанкүйерлерді қатты қызықтырған сияқты. Кездесу басталардан екі сағат бұрын «Астана Аренада» адамдар жинала бастады, олар өз уақыттарын тиімді өткізген болатын.

Стадион аумағында бірнеше түрлі белсенділік аймақтары орналасты: балалар аймағы, спорт, FIFA аймағы, digital-аймақ және медиа командалар аймағы.

Жанкүйерлер үстел үсті және пана футболында өз күштерін сынай алды, Xbox үшін FIFA турнирінде жарыса алды, сүйікті блогерлермен суретке түсіп, тағы да көп белсенділіктермен айналыса алды. Сонымен қатар, аренада ди-джей жұмыс істеп тұрды, ал трибунаға жиналған көрермендер dance және kiss-cam арқылы көңіл көтерді.

Кездесу алдында маусымның салтанатты ашылу рәсімі өтті, бірінші болып ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек сөз сөйледі: «Футбол - әлемдегі ең ауқымды және танымал спорт түрі. Елімізде футбол ұлттық спорттан кейін қарқынды дамып келе жатқан спорт түрлерінің бірі болып табылады. Бүгін біз ҚКФЛ, ҚФФ және Freedom Holding Corp. қолдауымен жүзеге асырылған жобаның куәсі боламыз, бұл үшін оларға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі атынан алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер».

ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов қазақстандық жастардың болашағы зор екенін атап өтті: «Құрметті достар, ұлы жазушымыз Мағжан Жұмабаев айтқандай «Мен жастарға сенемін!». Оның айтқаны бекер емес, біз де жастарымызға сенеміз, QJ лигасына нұрлы жол, жеңістер тілеймін!»

Freedom QJ League қамқоршылық кеңесінің төрағасы Тимур Турлов: «Freedom QJ League турнирдың басталуынмен құттықтаймын! Бұл жоба біздің еліміз үшін маңызы зор. Ол үлкен футболға жол ашып, мол мүмкіндік береді. Cәттілік сіздермен болсын. Құрметті достар, елімізде талантты футболшылар көп және футболшы болуды армандайтын талантты жігіттер көп деп ойлаймын. Біздің лига жас қазақстандықтардың дамуына көбірек шабыт, көбірек мүмкіндік бере алады. Қазір бастап жатқан жұмысымыздың және алдағы көп жылдар бойы атқаратын жұмысымыздың арқасында біз таланттарымыздың еселене түсуіне қол жеткізе аламыз деп ойлаймын. Біздің еліміздегі ең сүйікті ойын одан да көп жанкүйерлерге, одан да көп жұлдыздарға, одан да көп жас қазақстандық футболшыларға ие болады. Біз шешуші әрекеттің уақыты келді деп сенеміз және біздің қолдауымызды өте жоғары бағалаймыз. Өз тарапымыздан біздің лига жастар спортын дамытудың үлгісі болуы үшін бәрін жасаймыз. Сізге көп рахмет».

Freedom QJ League президенті Рохус Шох: «Мен үшін бұл өте маңызды күн, мен еліміздің ең футболды өңірі Таразда туып-өстім, мен үшін де бүгін, сіздерге сияқты, үлкен мереке болып жатыр. Бүгінде нағыз тамаша, ауқымды, жүйелі, ұлттық жоба дүниеге келіп жатыр. Бұл біздің дарынды жігіттер мен қыздардың өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруына керемет мүмкіндік.. Өнерлі тұлғаларды дүниеге әкелген қазақ жеріне мың алғыс айтамын! Бізбен пікірлес, серіктес болған Тимур Турловқа үлкен рахмет айтқым келеді! Осы жобаны қолдаған Қазақстан футбол федерациясына және Мәдениет және спорт министрлігіне үлкен алғыс айтқым келеді! Осы мерекені ұйымдастырған және осы жобамен жұмыс істеп жатқан еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас жігіттер QJ League командасына үлкен рахмет айтқым келеді! Мен бұл жігіттерге сәттілік тілеймін, олардың бірі ұлттық құрамада ойнайтынына сенімдімін, бұл сендердің мүмкіндігіңіз, оны пайдаланыңыз. Сәт сапар. Алға, QJ League!»

Матчтың өзі бір қалыпты өтті. Статистикаға сенсек, алаң иелері допқа көбірек ие болғанымен, «Ордабасы» шабуылда белсендірек болды. Турнирдегі алғашқы гол 44-минутта соғылды. Ахметәлі Қалтанов пенальтиді сәтті орындады – 1:0. Кейін белгілі болғандай, бұл доп кездесуде жалғыз болды.

Үзілісте көрермендерді қызықтыратын тағы бір нәрсе болды. SD Family және 2Drots шоу-матчын өткізді, онда қазақстандықтар мықтырақ болды - QJ League командаларының ойынындағыдай тағы да 1:0. Екі команданың құрамында қарапайым жанкүйерлер ойнағаны айту маңызды - олар бұл мүмкіндікті QJ League аккаунттарында өткізілген байқауларда жеңіп алды. Ақылбек Сатылхан SD Family сапына қосылғанына риза болды. «Бүгін менің өмірімдегі ең жақсы күн. Мен нағыз футбол атмосферасын көрдім және сезіндім. Өйткені, трибунасы толы матчқа бірінші рет қатысып отырмын. Қазір алаңда жүрген жас жігіттер де мен сияқты сезінеді деп сенемін. Мүмкіндік үшін Freedom QJ League-ке көп рахмет!».

«Астана» мен «Орда» орындауындағы екінші таймның өткірлігі аз болды: трибуналардың қысымы сезілді. Таңқаларлық емес, өйткені «Астана Аренаға» 17 834 адам жиналды - бұл елордадағы маусымдық рекорд. ҚПЛ матчтарына да, Астанадағы Медиа лига ойындарына да мұндай көрсеткіштер болған жоқ.

Матчтан кейін «Астананы» жанкүйерлер жылы қарсы алды: жанкүйерлер секторымен бірге астаналықтар 2016 жылдан бері танымал жанкүйерлер қойылымы - исландиялық жаңбырды орындады. Осы уақытта ойыншыларда қандай эмоциялар болғанын елестетуге болады.

«Астананың» бас бапкері Вячеслав Прокопенко: «Барлық жанкүйерлерге қолдау көрсеткені үшін рахмет! Жасөспірімдер футболында алғаш рет көрермендер көп болды, барлығына алғысымыз шексіз! Біз өз алаңымызда жеңіске жетіп, мінез көрсетіп, мықты қарсыластан басым түскенімізге өте қуаныштымыз, енді біздің алдымызда бір мақсат – бірінші орын!»

«Астана» капитаны Әділбек Рақышев: «Барлық жанкүйерлерімізге рахмет, егер олар болмаса, бұл жеңіс болмас еді! Не айтарымды да білмеймін, атмосфера тым жоғары. Біздің қарсыластарымызға келіп, мінезді көрсеткеніңіз үшін рахмет, командирлеріме мінезі үшін рахмет, туыстарымызға келгеніңіз үшін рахмет, анама рахмет, мен оны жақсы көремін! Мен мұндай трибуналардың алдында бірінші рет ойнап тұрмын, оның жалғасын тапқанын қалаймын, бұл үшін QJ League-ке рахмет, менде сөз жоқ!»

«Ордабасы» командасының бас бапкері Рустам Фардиев: «Айтайын дегенім, азғантай қысым болды, өйткені жігіттер мұндай лық толы трибунада бірінші рет ойнап жатыр. Шынымды айтсам, бұрын мұндай матч ұйымдастырылмаған еді, сол үшін мен Freedom QJ League-ке үлкен рахмет айтқым келеді. Алғашқы күндерден бастап балалар командалардың келуінен қонақүйлерге орналастыруға дейін жағымды эмоцияларға ие. Барлығы жоғары деңгейде өтті. Ойынның өзіне оралсақ, онда бірінші таймда ойын жоспары сақталып, жақсы футбол көрсетілді. Екінші таймда бірқатар алмастыруларға байланысты ойын құрылымы сәл өзгерді. Бірақ, негізінен, біздің жігіттер бұл кездесудің деңгейін және маңыздылығын түсінді, барлығы тырысып, ойынға толықтай берілген деп санаймын. Аздап жетіспеді. Бірақ үлкен жеңістер әлі алда, маусым ұзақ. Баршаңызға рахмет, жігіттер жарайсыңдар!»

«Ордабасы» шабуылшысы Диёрбек Мулажанов: «Не айтамын, бүгін жеңіліп қалдық, бұл өте өкінішті. Бізге тек сәттілік жетіспеді, әйтпесе біз қарсыласымыздан әлдеқайда төмен болдық деп айтпас едім».

Бірақ матч бағдарламасы бір ойынмен біткен жоқ. Аренадағы соңғы ысқырықтан кейін барлық билет иелері арасында PS5 және жаңа iPhone ойнатылды, ал жас жанкүйер ең жақсы плакат үшін самкотты ұтып алды.

Іс-шараға арнайы салынған сахнада ұтыс ойынынан кейін бірден V X X V PRiNCE пайда болды. Хип-хоп орындаушы өзінің басты хиттерін жанды дауыспен шырқады, тыңдармандардың реакциясына қарағанда - наразы адамдар болған жоқ.

Кешті 2Drots блогерлері жапты. Медиа футболшылар жанкүйерлермен шаш қию челленджін өткізді. Нәтижесінде біреу стадионнан жаңа шаш үлгісімен, ал біреу Лига серіктесі Freedom Mobile сыйлаған жаңа гаджеттермен кетті.