1 мин.

Қазақстан Ұлттық құрамасының ойыншысы украиналық «Ингулец» командасында қаралымда жүр

Қазақстан құрамасының аты аталмаған ойыншысы украиналық «Ингулец» командасының құрамына қосылды.

«Қазір бізде екі футболшы қаралымда жүр – екеуіде өз елдерінің Ұлттық құрамаларының ойыншылары. Бірі – Қазақстаннан, екіншісі – Тунистен. Жас балалар, біз олармен келісімшартқа отырамыз деп ойлаймын. Олардың аты-жөндерін әзірше айтқым келмейді», – деді клуб президенті Александр Поворознюк.

4 турдан кейін, «Ингулец» 1 ұпаймен Украина чемпионатының турнир кестесінің соңғы орнында тұр.