1 мин.

Футболшылардың «Қайрат» сапынан жаппай кетуінің себебі айтылды

«Қайраттың» бірқатар мықты ойыншысы алматылық клубтан неге кеткені белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

«Шартқа келіспеген футболшылар кетіп жатыр! Басты шарт: еңбекақыны 50 пайызға қысқарту», – деп жазады мәлімет көзі. 

Мұның алдында командадан бірқатар ойыншы кеткені белгілі болды, олар Ғафуржан Сүйімбаев, Дино Миканович, Раде Дугалич, жартылай қорғаушылар Камо Оганесян, Небойша Косович және тағы басқалар. 

2021 жылғы маусымда «Қайрат» ҚПЛ-де үшінші, ал Конференция лигасында топта соңғы болды, алайда, Қазақстан кубогын жеңіп алды.