«Қайрат» үш негізгі футболшысын командада сақтап қалғысы келеді
Үш футболшы да өткен маусымда маңызды рөл атқарды.
Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, алматылық «Қайрат» 2022 жылғы маусымға қалдырғысы келетін ойыншыларды анықтады.
Әңгіме шабуылшы Хосе Канте, жартылай қорғаушы Яцек Гуральски және қорғаушы Маки Баньяк туралы болып отыр.
Қырғызстан құрамасының жартылай қорғаушысы Гүлжігіт Алықұловтың да қалу-қалмауы белгісіз.
Бұған дейін бірқатар ойыншылардың, соның ішінде қорғаушылар Гафуржан Сүйімбаев, Дино Миканович, Раде Дугалич, жартылай қорғаушылар Камо Оганесян мен Небоиша Косовичтің командадан кеткені хабарланған еді. Футболшылардың мұндай шешім қабылдауына клуб бюджетінің қысқаруы себеп болды.