1 мин.

Қазақстанда Еуропа жастар құрамасының шабуылшысына қызығушылық танытып отыр

«Арарат-Армения» клубының және Арменияның 21 жасқа дейінгі құрамасының шабуылшысы Армен Оганесян Қазақстанға ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөздің мәліметінше, 21 жастағы шабуылшының қызметіне Польша, Қазақстан, Мальта және Молдова құрамаларының бірқатар клубтары қызығушылық танытып отыр.

Айта кетейік, 2018-2020 жылдары армяндық шабуылшы шетел клубтарында өнер көрсетті.

Оганесян «Арарат-Армения» сапында 2020 жылдан бері ойнап келеді, осы маусымда 11 матч өткізіп, үш голдың авторы атанды.