17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Еуро 2021/22 іріктеу кезеңіне жеребе тарту рәсімі аяқталды
УЕФА кеңсесінде 17 жасқа дейінгі әйелдер құрамалары арасындағы 2021/22 жылғы Еуропа чемпионатының екінші іріктеу кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі kff.kz сайтына сілтеме жасап.
Нәтижесінде U17 Қазақстан әйелдер құрамасы В лигасының 5-тобына енді, олар Швейцария мен Литва құрамаларына қарсы ойнайды. Алаң иелері мен матчтардың өтетін күні кейінірек белгілі болады.