1 мин.

Әлібек Қасым: «Мен өзімді жоғары деңгейде сынап көргім келеді»

Қорғаушыға «Химки» клубы қызығушылық танытқан еді.

Қазақстан құрамасы мен «Қызыл-Жар» клубының қорғаушысы Әлібек Қасым Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ресейлік клубқа ауысу ықтималдығы туралы айтып берді.

«Химки»? Мен бұл туралы мүлдем естіген емеспін. Карпович болашақта Ресейде өз бағыңды сынап көруге болады деп айтты. Бірақ нақты бір командадан ұсыныс болған жоқ.

Ресейдегі орташа команда мен Қазақстанның ірі клубтары арасында таңдау болса, мен РПЛ-ға барамын. Мен өзімді жоғары деңгейде сынап көргім келеді. Бақтиер Зайнутдиновқа қарасақ, оның үнемі жоғары деңгейде ойнайтыны таң қалдырады, біз онымен Қазақстанның жастар құрамасында бірге ойнадық және ол бізге Ресейде ойнауға болатынын көрсетті», – деді 23 жастағы қорғаушы.

Еске салайық, Қасым орталық қорғаушы болғанына қарамастан, ҚПЛ-да (25 матчта 7 гол) «Қызыл-Жардың» үздік сұрмергені атанды және клубтың Конференция лигасының іріктеу кезеңіне шығуына көмектесті.