Қазақстан (U-19) жасөспірімдер құрамасының Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды
Тағы да Францияға тап болдық.
![](https://photobooth.cdn.sports.ru/preset/post/4/b6/f57b557804650ac1ea06b8e5f323f.jpeg?f=webp&q=90&s=2x&w=730)
Швейцарияның Ньон қаласында 19 жасқа дейінгі ұлттық құрамалар арасындағы 2022/23 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтті.
Қазақстан (U-19) жасөспірімдер құрамасы жеребе қорытындысы бойынша Франция, Шотландия және Исландиямен бірге сегізінші топта бақ сынайтын болады.
Іріктеу матчтары 2022 жылдың 30 мамыры мен 14 маусымы немесе 19-27 қыркүйек аралығында өтеді.
Турнир ережесіне сәйкес, элиталық кезеңге әр топтан екі команда және үшінші орын алған төрт үздік команда (өз тобының екі көшбасшысымен болған кездесудің нәтижесі бойынша) өтеді.