1 мин.

«Шахтер» серб жартылай қорғаушысымен келісімшартқа отырды

«Шахтер» футбол клубы серб жартылай қорғаушысы Стефан Букорацпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Келісімнің мерзімі 2 жылға есептелген.

Стефан осы жылдың шілде айында командаға ауысып, жалда ойнады. Ол «кеншілер» қатарында 14 кездесу өткізді.