«Ақтөбе» ойыншысына ота жасалады
«Ақтөбенің» 33 жастағы ойыншысы Қайрат Иманалинге бүгін ота жасалады.
![](https://photobooth.cdn.sports.ru/preset/post/3/41/3808a79b14b2ba3f99731a9ca4c84.jpeg?f=webp&q=90&s=2x&w=730)
Ел біріншілігінің 6-туры аясындағы оралдық «Бәйтерек» пен «Ақтөбе» арасындағы кездесуде (2:3) 14-минутта қарсыласымен соқтығысқанда Қайрат Иманалин төменгі жақ сүйегінің жабық сынығын алды.
Алдымен жергілікті ауруханаға жатқызылып, кейін Ақтөбеге оралды. Бүгін 2019 жылдың үздік ойыншысы Қайрат Иманалинге ота жасалады.