«Тараз» футболшысы клубтың үстінен ФИФА-ға шағым түсірмек
Португалиялық футболшы бір тиын алмаған екен.
![](https://photobooth.cdn.sports.ru/preset/post/6/c3/7d4645d7049f0bf2d6b86d00de687.jpeg?f=webp&q=90&s=2x&w=730)
«Тараз» тамыз айының соңында 27 жастағы жартылай қорғаушы Эривалдомен келісім-шартқа отырған болатын. Алайда, қазақстандық клуб португалиялық вингердің жалақысын төлемеген екен. Бұл туралы футболшының өзі хабарлады:
– Мен ФИФА-ға «Тараздың» үстінен шағым түсіремін, өйткені олар маған жалақы туралы өтірік айтуды жалғастыруда. Сондықтан мен бұл клубпен келісім-шартымды бұзамын.
– Келісім-шарт бойынша төленетін ақшаны қанша уақыттан бері ала алмай жүрсіз?
– Клубқа келген сәттен бастап. Мен бұл жерде ақшаның бетін көрген жоқпын. Тамыздан желтоқсанға дейін бір тиын алмадым.
Мен келісім-шартты бұзғым келмеді, өйткені ондағы адамдар мені жақсы қабылдады және маған қала ұнады, бірақ олар үнемі өтірік айтып, шектен шығып кетті.