«Омония» – «Қайрат» матчына төрешілер тағайындалды
Конференция лигасы топтық кезеңінің 6-туры аясында өтетін «Омония» – «Қайрат» матчына косовалық төрешілер қазылық етеді, деп жазады Prosports.kz.
![](https://photobooth.cdn.sports.ru/preset/post/4/c7/c1f8cbb004d5a9dca4e5d6c0a1f75.jpeg?f=webp&q=90&s=2x&w=730)
Бас төреші: Генк Нуца, оған қос қапталдан отандастары Фатлюм Бериша мен Буяр Селимай көмектеседі. Ал төртінші төреші Висар Кастрати.
Айта кетейік, «Омония» – «Қайрат» матчы 9 желтоқсаннан 10 желтоқсанға қараған түні Никосияда өтеді.