Максим Федин «Ақтөбеден» кететін болды. Агенттер оған жаңа клуб іздестіруде
Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Федин «Ақтөбеден» кететін болды. Тіпті ол жаңа маусымға дайындықты бастайтын командасын да анықтап қойған.
![](https://photobooth.cdn.sports.ru/preset/post/b/b0/b280af5164295b18a95edc4f7ea43.jpeg?f=webp&q=90&s=2x&w=730)
Vesti.kz тілшісіне белгілі болғандай, жаңа маусым алдындағы оқу-жаттығу жиындарын Федин павлодарлық «Ақсу» командасы сапында бастайды. Бірақ оның командада қалу-қалмауы белгісіз болып тұр. Агенттер оған басқа да клубтан жұмыс іздестіруде.
Еске салайық, 25 жастағы Федин өткен маусымды «Ақтөбе» сапында өткізіп, Қазақстан біріншілігінде 24 кездесуде екі гол соқты.