Ресми: «Ақсудың» бас бапкері қызметінен кетті
43 жастағы маманның клубпен келісім-шарты аяқталды.
![](https://photobooth.cdn.sports.ru/preset/post/e/cf/1ea64137f43918ce69d15f1c94a73.jpeg?f=webp&q=90&s=2x&w=730)
«Ақсудың» баспасөз қызметі Марат Еслямовтың бас бапкер қызметінен кеткенін хабарлады. 43 жастағы маманның клубпен келісім-шарты аяқталды.
Естеріңізге сала кетейік, Марат Еслямов «Ақсу» командасына биылғы жылдың басында келген болатын. Маусым соңында павлодарлық клуб Бірінші лиганың чемпионы атанып, өзінің үш жылдық тарихында алғаш рет Премьер-лигаға жолдама алды.
Айта кетейік, Марат Еслямов Қазақстан құрамасында Талғат Байсуфиновтың жаттықтырушылар штабында да қызмет етеді.