Молдова құрамасы жаңа бас бапкер тағайындады
Қазақстан құрамасы наурыз айында бұл командамен екі рет кездеседі.
49 жастағы маман Сергей Клещенко Молдова құрамасының бас бапкері атанды.
Сергей Клещенко – Молдова құрамасының үздік сұрмергені (11 гол), сондай-ақ жергілікті «Зимбру» командасында, одан бөдек Ресейде, Голландияда, Израильде доп тепкен және еурокубокте «Челси» мен «Милан» қақпасына гол соққан. Ол бұған дейін ұлттық құраманың екінші бапкері болып жұмыс істеді, ал Роберто Бордин кеткеннен кейін бас бапкер қызметіне тағайындалды.
Естеріңізге сала кетейік, Молдова Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы қарсыласы болып табылады. Қос команда С дивизионында қалу үшін күресетін болады. Алғашқы ойын 24 наурызда Кишиневте өтсе, қарымта кездесу 2022 жылдың 29 наурызында Нұр-Сұлтанда өтеді.