«Атырау» қазақстандық бапкерге қызығушылық танытуда
Бұл бапкер жақында ғана «Зенит» клубында іс-тәжірибеден өтті.
Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Атырау» маусымаралық үзіліс кезеңде жаттықтырушылар құрамын жаңартады.
Арам Восканян мен оның көмекшілері командадан кетіп қалды.
«Мұнайшылар» «Шахтерді» Конференция лигасына, сондай-ақ «Мақтааралды» Премьер-лигаға алып шыққан қазақстандық маман Константин Горовенкоға көз тігіп отыр.
Горовенко мен жаңа басшы Әлішер Апсалямовтың арасында бұрыннан достық қарым-қатынас бар. Дегенмен, бапкер «Атырауға» келеді деп үлкен сеніммен айту қиын. Барлығы 9 желтоқсанда өтетін облыстық мәслихаттың сессиясына байланысты болмақ. Дәл осы күні «Мақтаарал» қаржыландыруға қатысты нақты жауап алатын болады. Клуб 2022 жылғы маусымға 1,2 миллиард теңге сұраған екен.