Алты гол соғылған матч. «Қайрат» АФК «Аньер-Вильневпен» тең түсті
Чемпиондар лигасы элиталық кезеңінің екінші турында «Қайрат» АФК франциялық «Аньер-Вильнев» командасымен тең түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алматылықтардың Элиталық кезеңдегі екінші қарсыласы алғашқы ойында «Тюменьнен» (2:5) жеңілген еді, сондықтан бүгін француздарға ұпай ауадай қажет болды. «Қайрат» үшін бұл матч та сәтсіз басталды, алғашқы үш минут үшінде француздар 2:0 есебімен алда болуы мүмкін еді - алайда қазақстандықтарды алдымен бағана, кейін Игита құтқарып қалды.
Кака шәкірттері тек тайм ортасына қарай өз ойынын көрсете бастады. Алматылықтар басымдық таныта бастағанда, француздар қарымта шабуыл өткізіп, есепті ашты. Кейін олар бірден екінші голын тоғытты - бұл тұста Игита қате жіберді. «Қайраттың» жағдайы қиындай түсті.
«Қайрат» өз ойынын көрсетуі үшін осындай «шапалақ» керек болған шығар. 15-минутта Эдсон есеп айырмасын қысқартты.
Үзілісте Кака өз шәкірттерін жігерлендіре алса керек, екінші таймда «Қайрат» бірден есепті теңестіріп тастады. Дәурен Тұрсағұловтан пас алған Диего дәлдік танытты.
Көп ұзамай Диего дуль авторы атанды. «Қайрат» алғаш рет есепте алға шықты. Кейін Тұрсағұловтың соққысы қақпа бағасына тиді. Алматылықтар есепті ұлғайтады деп отырғанда француздар гол соғып кетті - 3:3.
Екі командаға да жеңіс қажет еді, бірақ үш ұпай ешкімге бұйырмады. Матч тең есепппен аяқталды.
Енді «Қайрат» «Төрттік финалына» шығу үшін үшінші турда жексенбіде алаң иесі «Тюменьді» жеңуі қажет. Әр топтан тек жеңімпаз келесі кезеңге шығады. Сондықтан бәрі алматылықтардың қолында.
УЕФА чемпиондар лигасы. Элиталық кезең.
А тобы. 2-тур.
«Аньер-Вильнев» (Франция) – «Қайрат» АФК (Қазақстан) – 3:3 (2:1)
Голдар: Да Силва 14 (1:0), Болинья 14 (2:0), Эдсон 15 (2:1), Диего 22 (2:2), Диего 30 (2:3), Мухудин 33 (3:3)