Мұртазаев «Балтикадан» кетеді
Роман Мұртазаев калиниградтық «Балтика» сапынан кетеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі instagram pass_goal парақшасына сілтеме жасап.
«Мұртазаев «Балтикамен» келісімшартты үзді», — делінген хабарламада.
Мұртазаев «Балтика» сапында 11 матч өткізген, бірақ қанжығасын майлай алмады.
Ресейге ауыспас бұрын ол қарағандылық «Шахтер», «Астана» мен қостанайлық «Тобыл» сапында ойнаған.