«Шахтер» бас бапкердің болашағына қатысты шешім қабылдады
«Кеншілер» келесі маусымда да ресейлік маманға сенім артпақ.
![](https://photobooth.cdn.sports.ru/preset/post/f/93/ba14d946f48a6b1db60097394be1b.jpeg?f=webp&q=90&s=2x&w=730)
Қарағандылық «Шахтер» бас бапкер Магомед Адиевпен жаңа келісім-шартқа отырады, деп хабарлайды «Тень отца Гурмана» телеграм арнасы.
«Кубокті жеңе алмағанына қарамастан, «Шахтер» басшылығы бас бапкер Магомед Адиевке келісім-шартты ұзарту туралы ұсыныс жасады. Ресейлік маман ойлануға уақыт алды, дегенмен, менің мәліметім бойынша, ол қарағандылық клубта қалғысы келеді. 100% сенімділікпен «кеншілердің» келесі маусымға жаттықтырушысы бар деп айтуға болады», – делінген дереккөздің хабарламасында.
Еске салайық, ресейлік маман қарағандылық клубты осы жылдың сәуір айында тізгіндеген болатын. Оның басшылығымен «кеншілер» Конференция лигасының плей-офф кезеңіне дейін жетіп, Қазақстан кубогінің финалында «Қайраттан» жеңіліп қалды.