1 мин.

Қазақстан ұлттық құрамасының және «Тараз» қақпашысы «Ақтөбемен» келіссөз жүргізіп жатыр

«Тараздың» және Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен «Ақтөбемен» келіссөздер жүргізуде, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Астана» Сейсенге қызығушылық танытып жатыр деген ақпарат тарағанымен, қақпашы бұл ақпаратты жоққа шығарып, елордалық клубтан ешкім хабарласпағанын айтқан болатын.

Айта кетейік, Сейсен өткен маусымда чемпионаттың барлық ойынына қатысты.