1 мин.

«Шахтер» қазақстандық шабуылшымен келісімшарт жасауы мүмкін

28 жастағы шабуылшы Тоқтар Жаңғылышбай қарағандылық «Шахтер» командасына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды KazFootball.kz порталы.

Шабуылшы бірнеше айдан бері «кеншілердің» сапында жүр. Жаңғылышбай негізгі құраммен дайындалуда. 

Бірақ ол «Шахтердің» құрамына тек келесі маусымның басында ғана қосылады алады. Оның үстіне ол бас бапкер Магомед Адиевтің көңілінен шықса. 

Еске салайық, жыл басында Тоқтар Жаңғылышбай «Ордабасы» сапында жүріп, ауыр жарақат алып қалған еді. Содан бері ол енді ғана жаттығуға кірісті. 

Айта кетейік, Жаңғылышбай бұған дейін 2013 және 2015 жылдар аралығында «Шахтер» намысын қорғаған. Жалпы ол қарағандылық команда сапында 31 ойын өткізіп, төрт гол соққан.