1 мин.

Меркель «Газиантеп» жаттығуында жарақат алып қалды

Түркиялық «Газиантеп» клубының қазақстандық жартылай қорғаушысы Александр Меркель жаттығу барысында жарақат алып қалды, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.

«Газиантептің» мықты футболшыларының бірі Александр Меркель кешегі жаттығуда жарақат алып, дайындықты жалғастыра алмады.

Біздің медициналық топ мұқият тексеруден кейін ойыншының оң тізесінің ішкі бүйір байламдарында 2-ші дәрежелі алшақтық анықталды және оған емдеу басталды», – деп жазады түрікиялық клубтың сайты.