1 мин.

«Шахтер» Қазақстан кубогінің финалы алдында қиындыққа тап болды

Қазақстан кубогінің финалында «Қайратпен» өтетін ойында қарағандылық «Шахтер» командасының бірнеше белді футболшысы қатыспайтын болды.

Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлады. 

Инсайдердің ақпараты бойынша, «кеншілердің» бірнеше футболшыларының ыстығы көтерілген. Олардың қатарында Михаил Бакаев пен Евгений Шикавка бар. Қазір бұл футболшылардың алдағы ойынға қатыса ма, жоқ па белгісіз болып тұр. 

Сондай-ақ Айдын Қожахмет бұл ойыншылардың барлығы коронавирус жұқтырмағанын да айтты. 

Еске салайық, Қазақстан кубогінің финалдық кездесуі 28 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Матч 20:30-да басталады.