1 мин.

«Астананың» қақпашысы командадан кетіп қалды

Ол ресейлік командаға ауысуы мүмкін.

Елордалық «Астана» командасының қақпашысы Александр Заруцкий ұжымнан кетті. Бұл туралы Meta-ratings.kz хабарлайды.

28 жастағы бағана күзетші Қазақстан біріншілігінің екінші жартысында Дмитрий Непогодовтан «бірінші» нөмірді тартып алған болатын. «Астанаға» ауысарға дейін Заруцкий қызылордалық «Қайсардың» намысын қорғады. 

Ал өткен қыста ол тулалық «Арсенал» командасы сапында бақылаудан өтіп, соңғы сәтте келісімшарт жасамай қойды. 

Енді қақпашы екінші мәрте Ресей біріншілігін бағындыруға ниетті. «Химки» командасы Заруцкийді Илья Ланратовтың орнын басатын қақпашы ретінде қарастыруда.