1 мин.

Исламбек Қуат «Астанамен» жаңа келісімшарт жасады

Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат «Астана» командасымен жаңа келісімшарт жасады. Бұл туралы Meta-ratings.kz порталы хабарлады.

Исламбек Қуатпен жаңа келісімшарт Қазақстан чемпионаты аяқталған соң бірден жасалған. Бірақ клуб трансферлік тыйымға байланысты бұл жаңалықты әлі күнге ресми жарияламады. 

Қуат дәл қазір «Астана» сапында жаңа келісімшарт алған жалғыз футболшы. Шартнаманы ол командаға жаңа бапкер Срджан Благоевич келгенге дейін жасап қойған. 

Еске салайық, биылғы маусымда Қуат «Астана» сапында Қазақстан біріншілігінде 22 кездесуге қатысып, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.