«Қайрат» «Тобылдың» негізгі қорғаушысына ұсыныс тастады
«Тобыл» да бұл қорғаушыны жібергісі келмейді.
KazFootball.kz тілшісіне белгілі болғандай, алматылық «Қайрат» «Тобылдың» солтүстік македониялық қорғаушысы Алексa Амановичті қатарға қосуды көздеп отыр.
Амановичтің «Тобылмен» қазіргі келісім-шарты жақында аяқталды. Бұған дейін қостанайлық клубтың қорғаушыға жаңа келісім-шарт ұсынғаны туралы ақпараттар шыққан еді.
Алайда Солтүстік Македонияның 25 жастағы қорғаушысына «Қайраттан» ұсыныс түсті. Футболшы келесі маусымда мансабын қай клубта жалғастыратынын әлі шешкен жоқ.