Қазақстан құрамасының қорғаушысына «Астана» мен ресейлік клуб қызығушылық танытуда
Қос клуб та өткен жазда қорғаушыны көзден таса қылмай бақылаған еді.
«Қызыл-Жар» мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Әлібек Қасым командасын ауыстыруы мүмкін, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
23 жастағы футболшыға «Астана» мен Ресей премьер-лигасында бақ сынайтын «Химки» клубы қызығушылық танытып отыр.
Өткен жазда Қасым «Химки» клубының трансферлік тізімінде болған еді, бірақ «Қызыл-Жарға» ресми ұсыныс түспеді.
Игорь Черевченконың «Химкиге» оралуы болашағынан зор үміт күттіретін қорғаушыға деген қызығушылықтың қайта артатынын білдіруі мүмкін.
Сондай-ақ жазғы трансферлік кезеңде Әлібекке «Астанадан» ұсыныс түсті, бірақ футболшы маусымның соңына дейін петропавлдық клубта қалу туралы шешім қабылдады.