Андрей Тихонов: «Ресей Премьер-лигасының клубынан ұсыныс түссе, мен оны міндетті түрде қарастырамын»
Ресейлік маман жаңа жылға дейін демалғысы келеді.
«Астананың» бұрынғы бапкері Андрей Тихонов елордалық клубтан кеткеннен кейінгі болашағы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Спорт-Экспресс басылымы.
«Мен қазір демаламын, әрине Жаңа жылға дейін. Бірақ қазірдің өзінде жұмыс іздеп жүрмін. Жаңа жылдан кейін әлдеқайда белсенді жұмыс істейтін боламын. Ресей Премьер-лигасының клубынан ұсыныс түссе, мен оны міндетті түрде қарастырамын», – деді Тихонов.
Еске салайық, қазан айының соңында Қазақстан футбол федерациясы Премьер-лиганың 25-ші турында «Қайратқа» қарсы өткен ойында (0:1) жаттықтырушы команданы алаңнан алып кеткені үшін Тихоновты екі жылға дисквалификациялаған болатын. Қараша айының басында ол бас бапкер қызметінен кетті.