«Атырау» бразилиялық легионермен қоштасты
Бразилиялық легионер Эвертон «Атырау» футзал клубынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойыншымен келісімшарт мерзімінен бұрын бұзылғаны туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетейік, Эвертон «Атыраудың» көшбасшы ойыншыларының бірі болды. Ол – Қазақстан чемпионатында өнер көрсеткен ең үздік легионерлерінің бір.