Француз футболшысы Қазақстан құрамасының қауіпті тұсын айтты
Футболдан Франция құрамасы мен лондондық «Вест Хэмнің» қорғаушысы Курт Зума әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан құрамасына қарсы матч туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Франция құрамасы мықты команда деп ойлаймын, біз әлем чемпионатына жолдама алуымыз керек. Алайда Қазақстан құрамасын білеміз, олар қарымта шабуылда қауіпті. Бұл қиын ойын болмақ, себебі ол басқа стадионда өтеді.
Бірақ біз мұндай қарсыласты оңай жеңуіміз керек, Құдай қаласа, оңай жеңеміз де», — деді Зума Франция футбол федерациясының сайтына берген сұхбатында.
Еске салайық, ӘЧ-2022 іріктеу кезеңі аясындағы Франция мен Қазақстан матчы Парижде 14 қарашаға қараған түні өтеді.
Командалардың елордада өткен алғашқы матчында француздар 0:2 есебімен жеңген болатын.