Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы Шотландияға қарсы матч туралы пікір білдірді
Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Дінмұхамед Қараман Еуро-2023 іріктеу кезеңі аясында өтетін Шотландияға қарсы матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан – Шотландия матчы 13 қарашада өтеді.
«Біз үш күн бұрын жиналдық. Мақсатымыз – Шотландияға қарсы ойында жеңіске жету. Бұл міндетті орындауға бар күшімізді саламыз. Дайындық барысында қарсыласымызды жақсылап зерттеп, олардың үздік және кемшін тұстарын көрдік. Олардың артықшылығы ретінде физикалық жағынан мықтырақ екенін айта аламын. Олардың кемшіліктерін пайдаланып, жеңіске жетеміз деп үміттенемін», – деді Караман.