Зайнутдиновтің голы ЦСКА-ны жеңілістен құтқармады
Қазақстандық футболшы баспен гол соқты.
Мәскеулік ЦСКА Ресей Премьер-лигасының 14-туры аясында өз алаңында «Сочиден» 1:4 есебімен жеңіліп қалды.
ЦСКА-ның қазақстандық жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов негізгі құрамда шығып, толық ойын өткізді. Ол 57-минутта көзге түсіп, командасының бұл кездесудегі жалғыз голын соқты.
Осы маусымда Бақтиер мәскеулік клуб үшін барлық турнирлерде 12 матч өткізіп, 3 гол соқты.
14 турдан кейін ЦСКА Ресей Премьер-лигасының турнирлік кестесінде бесінші орында тұр.